Құрметті онлайн-олимпиаданың қатысушылары!
Біз сіздердің онлайн-олимпиадаға қатысқандарыңызға қуаныштымыз!
Геологиялық барлау колледжінде көктемде геологиялық салада да, болашақта барлық оқушылар үшін де қажетті негізгі пәндер бойынша мектеп оқушылары арасында олимпиада өткізу дәстүрі қалыптасқан. Бұл пәндер- математика, физика, химия және де, әрине, ағылшын тілі. Бұл іс-шара мамандықтарға деген қызығушылықты дамытуға және кәсіптік бағдар беруге бағытталған.
Олимпиадалар ерекше мәнге ие, өйткені олар ең алдымен зияткерлік қабілеттерді дамытады. Сонымен қатар, олимпиадаларға қатысу ой-өрісті кеңейтіп, логикалық ойлауды жақсартып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерді де жетілдіреді.
Сіздерге табыс, жеңіс тілеймін және сіздерді біздің колледж студенттері қатарында көргіміз келеді. Сіз мамандықты саналы түрде таңдайды деген сенімдеміз! Естеріңізде болсын, табандылық, еңбек, шыдамдылық - сіздің мақсаттарыңызға жетудің ең маңызды көмекшілері.
Ақ жол тілеймін, сәттілік!
